Ницца қаласында (Франция) БҰҰ-ның Мұхит жөніндегі конференциясының жұмысы басталды, оған Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев бастаған қазақстандық делегация қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экология министрлігінің ақпаратынша, делегация құрамына Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің, Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының өкілдері де кірді.
Конференцияның негізгі тақырыбы – "Мұхитты сақтау және тұрақты пайдалану үшін барлық қатысушылардың әрекеттерін жеделдету және жұмылдыру".
Конференцияның мақсаты тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздер мен теңіз ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі әрі қарайғы және шұғыл іс-қимылдарды қолдау және ТДМ 14 іске асыруды қолдаудың әрі қарайғы жолдары мен құралдарын айқындау болып табылады.
Бұған дейін Алматы мектептеріндегі лагерьлерде балалар қалай демалуда екенін жазғанбыз.