Әлеуметтік желіде өзін бизнес-тренер, коуч деп таныстырып жүрген Ахметбек Нұрсиланың емшілікпен айналысып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .
Видеодан Ахметбек Нұрсиланың «Жан мен тән» деп аталатын сауықтыру орталығында жиналған халыққа ем жүргізіп, қолдарынан ұстап жатқанын көруге болады.
Ал оқырмандар, бұл жазбаны сынап түрлі пікір қалдырған.
«Аңқау елге арам молда», «Мынау Тұрсын Алагөзовтың берген үйін қызғанып жүрген адам емес пе?!», «Не болып жатыр мына жерде», «Емші болып кеткен бе?», деген пікірлер жазылған.