Бөлімдер
Жаңалықтар

Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

2025 жылғы 11 маусымда таңертең қазақстандық сейсмологтар Алматының шығысында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon .kz.

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 9:10-да тіркелді, оның ошағы Қытайда, Алматыдан 412 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4,3. Энергетикалық класс K=9,9. Тереңдігі h=8 км.

Қазақстанда жер асты дүмпулері сезілген жоқ.

7 маусымда Қырғызстанда жер сілкінісі болып, оны Алматы тұрғындары сезінді.