Заң аса ауыр қылмыс жасағандарды рақымшылық аясында босатпайды.

Ұлттық экономиканың бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаев Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай рақымшылықпен босатылмайды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков хабарлады.

"Рақымшылық аясында кісі өлтіргендер босатылмайды", – деді Қайырбеков Бишімбаевты босату туралы журналистердің сұрағына жауап бергенде.

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған амнистия жалпы 15 мың адамды қамтиды, оның ішінде 6 мың адам қамауда, 9 мың адам пробациялық бақылауда. Заң аса қауіпті қылмыстар жасаған тұлғаларға қолданылмайды.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда ірі алаяқтық жасады деген шетел азаматы Черногорияда ұсталды


Еске салсақ, 2024 жылғы 13 мамырда Қуандық Бишімбаева ерекше қатыгездікпен жасаған азаптау мен кісі өлтіру әрекеті үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды.