"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі бүгін, 2025 жылғы 11 маусымда шетелге шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰАТ мамандары шетелге шықпас бұрын тыйым салынып-салынбағанын тексеру керек екенін еске салды:

"eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында шетелге шығуға тыйым салынғанын тексеруге арналған онлайн-қызмет қолжетімді",- делінген ақпаратта.

Тексеру мынадай тізімдер бойынша жүргізіледі:

  • шетелге шығуы шектелген борышкерлер тізілімі,
  • атқару өндірісі бойынша борышкерлер тізілімі.

Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында онлайн алу жолы:

  1. "Қызметтер" батырмасын басыңыз.
  2. "Саяхат, шетелде тұру және эмиграция" – "Шет елге шығуы шектелген, борышқорлар тізілімі және атқару өндірісі бойынша борышқорлар тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру" қызметін таңдаңыз
  3. ЖСН/БСН еңгізіңіз.
  4. "Тексеру" батырмасын басыңыз.

Қызметті алу мерзімі eGov порталында да, eGov Mobile қосымшасы арқылы да 15 минутқа дейін қолжетімді.

Шетелге шығуға тыйым салынғанын eGov Mobile қосымшасы арқылы тексеру бойынша толық нұсқаулықты видеодан көре аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Egov.kz (@egov.kz)

Бұған дейін 19 жастағы қазақстандықтың қысқа мерзім ішінде қалай миллионер атанғанын жазған болатынбыз.