Бөлімдер
Жаңалықтар

ҰҚК Алматыда тағы бір есірткі зертханасын жойды

2025 жылдың мамыр айында Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады:

2025 жылғы мамырда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 2 есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойманы жойды. Есірткі заттарын дайындау кезінде ҚР 3 азаматы ұсталды, оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

15 кг-дан астам “мефедрон” психотропты заты мен 650 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі заттарын дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді.

“Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.” ҰҚК баспасөз қызметі

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.