Оңтүстік Африкада толассыз нөсер мен қалың жауған қардан 49 адам қаза тапты.

Табиғи апаттан, әсіресе, Шығыс Кейп провинциясы зардап шеккен.

Су тасқыны жүріп, күшті жел көтерілді. Айналаны көру мүмкіндігі нашарлаған.

Оның салдарынан жол-көлік апаттары көбейген, деп жазады qazaqstan.tv.

500 мыңға жуық тұрғын электр жарығынсыз қалды.

Елдің ауа райы қызметі қауіптің сарғылт түсті деңгейін жариялады.

"Таңғы сағат 6-да ұйқымнан оянып кеттім. Тасқын су үйге кірді. Жиһаз, тоңазытқыш, теледидар мен газ плитасы – бәрін де су шайып әкетті. Мүлкімнен айырылдым. Алайда алдымен өзімді құтқарғым келді." Бонгани Сихойо, тұрғын