Ақтөбе облысында қызғалдақтарды заңсыз теруге қатысты әкімнің қатысуымен болған іске нүкте қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық сот Құдайберген Жұбанов атындағы ауыл округінің әкімі Ләззат Бердібаеваға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарады. Іс оның балалары Қызыл кітапқа енген, жойылып бара жатқан өсімдіктер қатарына жататын қызғалдақтарды теріп алғаны үшін қозғалған.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша 21.04.2025 жылы түскі мезгілде Қандыағаш-Жұрын тас жолының жиегінде азаматша Б. өзінің отбасымен табиғат аясында демалған.Сол уақытта оның кәмелетке толмаған балдары 10-15 қызғалдақты жұлып, анасына сыйлаған. Сонымен, азаматша Б. кәмелетке толмаған балдарын қадағаламай, бұл қызғалдақтарды теруге болмайтын ескертпеген", – делінген Ақтөбе облыстық сотының 2025 жылғы 12 маусымдағы баспасөз ақпаратында.

Істі объективті қарау үшін сот қызғалдақтардың түрін және әртүрлігін анықтау үшін ботаникалық-ғылыми сараптама тағайындаған, оған қоса, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жерді қарауға көшпелі сот отырысын ұйымдастырған.

Нәтижесінде, сот Бердібаеваға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты істі тоқтатты.

"Әкімшілік құқық бұзушылық жасағалған орны анықталмаған, уақытылы мәліметтер жиналмаған, келтірілген зиянның мөлшері анықталмаған, сонымен істі дұрыс шешу үшін жасалған әкімшілік құқықбұзушылықты дәлелдейтін қажетті құжаттар жиналмаған", – деді сотта.

Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық полиция департаментіне заң бұзушылықты анықтау және оның себептерін тексеру бойынша шаралар қабылдау үшін жеке қаулы жолданды.

Айта кетейік, Кудайберген Жұбанов атындағы ауыл округінің әкімі Ләззат Бердібаева 2025 жылғы сәуірде қолында қызғалдақ гүл шоғы бар селфи жариялап, дауға қалған еді. Бұл суретті әлеуметтік желіде бөліскеннен кейін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті бірнеше миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін деген ақпарат тараған. Ұқсас жағдай Түркістан облысында да тіркелген: тұрғын Грейг қызғалдақтарын теріп, гүл шоғы жасаған сәт видеоға түсіп қалған.