Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы турнирдің 1/8 финалында ұлыбританиялық теннисші Хезер Уотсонмен шеберлік байқасты.
Ол қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен екі сетте жеңді.
Елена матч кезінде тоғыз эйс жасап, үш қос қателік жіберді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Енді Рыбакина ширек финалда германиялық теннисші Татьяна Мариямен кездеседі.