Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметкерлерін қолдауға қосқан елеулі үлесі үшін Home Credit Bank-ке алғыс білдірді. Altyn Shipager медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтіп, мемлекеттік органдардың, медицина саласының және әлеуметтік жауапкершілік бизнесінің өкілдерін біріктірді. Қатысушылар қатарында Астана қаласының әкімі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, мәслихат депутаттары, медицина мекемелерінің басшылары мен өмірлік маңызы бар стратегиялық саланы қолдап жүрген компания өкілдері болды. Бағдарламаның ең маңызды сәті – еліміздің денсаулық сақтау саласының өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген үздік медицина қызметкерлері мен сенімді серіктестерді марапаттау болды.

Home Credit Bank
Фото: Home Credit Bank

Серіктестердің қатарында Home Credit Bank болды. Банк жедел жәрдем қызметкерлерін қысқы және көктем-күз маусымдарына арналған арнайы киіммен қамтамасыз ету бойынша тұрақты қолдау көрсетіп, медицина саласының және жергілікті денсаулық сақтау басқармасының алғысына бөленді.

Home Credit Bank
Фото: Home Credit Bank

"Бұл Home Credit Bank үшін — азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне деген ризашылық пен алғыстың белгісі. Бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсету – банкіміздің әлеуметтік жауапкершілік аясындағы негізгі басымдықтарының бірі. Пандемиядан кейін біз осы жобаны қолға алып, өмір үшін күн сайын күресіп жүрген шұғыл медициналық көмек қызметкерлерін қолдауды және оларға алғыс білдіруді мақсат еттік. Біз осы уақытқа дейін Алматы мен Астанадағы жедел жәрдем қызметкерлеріне 8 000-нан аса сапалы форма жиынтығын сыйладық. Жалпы көмек көлемі 187 250 000 теңгені құрап отыр.

2025 жылы бұл жобамыз Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарына да жетеді — қазіргі уақытта арнайы киім тігу жұмыстары басталып кетті. Біз күн сайын адам өмірін сақтап жүрген жандарға қолдау көрсетуді тоқтатпаймыз. Олардың қоғам тарапынан қолдау мен алғысқа лайық екенін ұмытпауымыз керек", — деп атап өтті Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Home Credit Bank
Фото: Home Credit Bank

Тамыз айында Home Credit Bank Қостанай мен Орал қалаларының жедел жәрдем қызметіне 1 500-ден астам арнайы киім жиынтығын табыстауды жоспарлап отыр. Бұл бастама банктің тұрақты әрі жан-жақты әлеуметтік саясатының бір бағытына айналды.

Биыл Home Credit Bank Қазақстандағы қызметінің 20 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде банк миллиондаған қазақстандықтың сенімді қаржылық серіктесіне айналып қана қоймай, денсаулық сақтау, білім беру, экология және қаржылық сауаттылық бағыттарында көптеген әлеуметтік бастаманы жүзеге асырды.

Home Credit Bank
Фото: Home Credit Bank

Банктің алғашқы басшысы атап өткендей, Home Credit Bank өзінің "Көмектесуге қуаныштымыз" атты миссиясын ұстана отырып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Өз клиенттерімен қарым-қатынасында банк маңызды бір ойды жеткізгісі келеді: өмірді жақсы жаққа өзгерту әркімнің қолынан келеді. Ол үшін өзіңді дамытып, қаржылық тұрғыдан нығайып, қоғамға жауапкершілікпен қарау жеткілікті.

*Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 17.08.2022 жылғы №1.2.36/40 лицензия