2025 жылғы 10 мамыр мен 13 маусым аралығында Түркістан қаласында, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында республикалық XIII Жазғы Универсиадасы өткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.

Аталған додаға еліміздің 79 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысты.

ХІІІ Жазғы Универсиада ойындарының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:

1-орынды Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жеңіп алды. Университет спортшылары 31 алтын медаль иеленіп, Универсиада жеңімпазы атанды.

2-орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті иеленді. Бұл жоғары оқу орнының спортшылары 21 алтын медальмен жалпы есепте үздік үштікке енді.

3-орынға Қазақ спорт және туризм академиясы тұрақтады. Академия спортшылары 19 алтын медаль жеңіп алды.