Армения ІІМ баспасөз хатшысы Нарек Саркисянның айтуынша, Ереванның солтүстік-батысында орналасқан Апаран қаласында қатты жел салдарынан төрт адам жарақат алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Оның айтуынша, дүлей дауыл өңірдегі ғимараттардың шатырларын жұлып кеткен және көліктерге зақым келтірген. Төрт адамға медициналық көмек қажет болды.

БАҚ мәліметінше, зардап шеккендердің үшеуі ересек, біреуі – бала. Олар орташа және жеңіл жарақаттар алған.

Соңғы деректер бойынша, құйын 21 ғимараттың шатырын, 19 жеңіл және үш жүк көлігін зақымдаған. Сондай-ақ 15 ағаш пен сегіз электр бағанасы құлаған. Қауіпсіздік мақсатында қалада электр, газ және су жүйелері уақытша өшірілген. Қалпына келтіру жұмыстарына 137 құтқарушы жұмылдырылды.

Бұған дейін Афина жағалауында туристер мінген тікұшақ апатқа ұшырағандығы хабарланған болатын.