Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін қылқындырып өлтірді деген айыппен ер адам сотталды. Бұл туралы Қостанай соттары хабарлады.

Сот 22 жыл бұрын болған кісі өлтіру ісі бойынша үкім шығарған. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қостанай облысының тұрғынына қатысты кісі өлтіргені, яғни басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасағаны үшін қылмыстық істі қарады (ҚР ҚК 96-бабының 1-бөлігі 1997 жылғы 16 шілдедегі редакцияда).

Сот 2003 жылдың 30 мамырында Қостанай қаласында түнгі уақытта алкогольдік ішімдіктерді бірге ішкеннен кейін сотталушы өз еркімен таныс Е. есімді әйелді үйіне дейін шығарып салғанын анықтады. Жол бойында айыпталушы жәбірленушіге онымен жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған, ал соңғысы бас тартқаннан кейін оны қолымен тұншықтырып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Мемлекеттік айыптаушы ер адамға 15 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәні мойындамай, өзін ақтауды өтінді.

"Сотталушының жеке басын, жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ оның кісі өлтіргеннен кейін 2018 жылғы 23 қарашада сот үкімімен басқа қылмысы үшін сотталғанын және ол бойынша жазасын өтегенін ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша сот жазаны ішінара қосу арқылы сотталушыға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде жазасын өтей отырып, 15 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", — делінген хабарламада.