Қазақстан президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына жаңа директор тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды.
Бұл қызметке президент өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов тағайындалды.
Айта кетейік, осыдан бір айын бұрын Шаймарданов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді.
Ол 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Йорк университетін (Ұлыбритания), IE университетін (Испания) бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.
2010-2013 жылдары – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ менеджері.
2013-2014 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттің міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты басқармасының бас сарапшысы.
2014-2016 жылдары – Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.
2016-2019 жылдары – Департамент директоры, "Бәйтерек" ҰБХ АҚ басқарушы директоры.
2019-2020 жылдары – "QazTech Ventures" АҚ басқарма төрағасы.
2020-2022 жылдары – Ұлттық банктің Ақша-несие саясаты департаментінің директоры.
2022-2023 жылдары – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы.
2023-2025 жылдары – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметтерін атқарған.