Жоба пилоттық сынақ кезеңінен сәтті өтіп

Алматы қаласында SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспарға кәмелетке толмағандарды интернеттегі деструктивті контенттің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірленгені хабарланған болатын.

Осы бастама аясында Алматы қаласының прокуратурасы TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірлесіп "SIM KIDS" пилоттық жобасын іске қосты.

Бұл интернетке қауіпсіз және бақыланатын қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы балалар SIM-картасы.

Карта автоматты түрде зиянды контентті бұғаттайды, ата-аналарға баланың қосымшалардағы белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді және дыбыссыз режимде болса да, баламен байланыста болуды қамтамасыз етеді.

Жоба пилоттық сынақ кезеңінен сәтті өтіп, қазіргі уақытта барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді.

Есіңізде болсын балалардың қауіпсіздігі қарапайым шешімдер мен ересектердің бейжай қарамауынан басталады.