Ертең, 18 маусымда Таиландтың Ройет қаласында жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрлықтық додада ел намысын төрт жұп қорғайды.
Жүлделі орындар үшін Клим Рюхов / Владислав Мастихин, Даниил Сороковский / Әлихан Ағабек, Надежда Иванченко / Гаянэ Галаш, Екатерина Рюхова / Кристина Каримова жұптары сынға түседі.
Жалпы жарысқа 16 елдің командалары қатысады.
Азия чемпионаты 22 маусымда аяқталады.