Бүгін белгілі ресейлік әнші Земфираның Алматыдағыы концерті өтпейтіні белгілі болды. Оның себебін концерт өтуге тиіс болған "Хан-Тәңірі" стадионы қарамағына кіретін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің өкілдері түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бүгін ресейлік әнші Земфира Алматыдағы концерті өтпейтінін мәлімдеді.
"Менің жағымсыз жаңалығым бар — Алматыдағы концертім өтпейтін болды. Басынан бастап бәрі дұрыс болмады. 4 ай бойы келісу, алаңдарды ауыстыру және ақыр соңында концерт өтеді деп жоспарланған уақытқа 2 апта қалғанда "Хан-Тәңірі" стадионына басшылық ететін ректордың концертті өткізуден бас тартуы", — деп мәлімдеді әнші желідегі парақшасында.
NUR.KZ тілшісі аталған жайт бойынша пікір сұрап, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметіне жүгінді.
Бізге "Хан-Тәңірі" стадионы университеті университеті балансында екенін және "Хан-Тәңірі" футбол клубы жалға алып отырғанын растады.
"2025 жылғы 2 маусымда университеті "Хан-Тәңірі" ФК бас директорынан музыкалық іс-шараны өткізу туралы хабарлама түсті. Хабарламада музыкалық іс-шара әнші Земфиранің концерті екені айтылған жоқ", — делінген ҚазҰУ хабарламасында.
Баспасөз қызметі аталған хабарламаға басқарма мүшесі — ҚазҰУ-дың қаржы-шаруашылық мәселелері және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры А. Тасыбаев жауап бергенін жеткізді.
"Келісімшарттың 3.2.2 тармағына сай жалға алушы нысанның бөлігін университеттің жазбаша хат түріндегі рұқсатымен субжалға беруге құқылы. Бүгінгі күні университет бұл шараны өткізуге келісім бермеген.
Университетке өз аумағында халық көп жиналатын шараларды өткізу кезінде заңнаманы сақтау, оның ішінде заңдылықты және қауіпсіздікті сақтау жауапкершілігі жүктелген.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, университет стадионы аумағында бұл музыкалық шараны өткізу мүмкін емес болып отыр", — делінген жауапта.
Сондай-ақ ҚазҰУ баспасөз қызметі мұндай ауқымды концерттер "Хан-Тәңірі" стадионында маңында тұрғын үйлер орналасқаны себепті кешкі және түнгі уақытта өткізілмейтінін атап өтті.