Алматыда 18 маусымда Audi 80 автокөлігінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан бір адам қаза тапты, тағы біреуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы жол апаты Құлжа тас жолы маңында Рысқұлов пен Бұқтырма көшелерінің арасындағы жол учаскесінде болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатына ұшыраған көлік солтүстік бағытта келе жатқан. Бір уақытта белгісіз себептермен жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып, темір қалқанға соғылған. Быт-шыты шыққан көліктің алдыңғы терезесін тесіп өткен темір қалқан салонға бір-ақ кірген.
Оқиға орнында алдыңғы орындықта отырған жолаушы қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, ол әскери борышын өтеп, жақында ғана босап шыққан 20 жастағы жас жігіт екен
Ауыр хәлдегі жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Оның қазіргі жағдайы белгісіз. Апаттың себептері анықталуда.