Жапырақ – табиғаттағы ең көне энергия көзі. Ол күн сәулесін сіңіріп , көмірқышқыл газ бен судан оттегі мен энергия бөледі.
Зерттеушілер осы жүйеге қарап, жасанды жапырақ жасап шығармақшы. Оксфорд университеті әзірлеп жатқан құрылғы күн панеліне ұқсайды, бірақ одан да тиімді. Ол жарықты жинап қана қоймай, ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, экологиялық таза отын өндіреді. Ең қызығы, құрылғыны өзен-көл бетіне қалқытып қоюға болады. Ғалымдар болашақта қалаларда күн панелі емес, осындай жасанды ағаштар пайда болуы мүмкін дейді. Олар әрі қаланың көркі болады әрі табиғи энергия көзіне айналады.
Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3-курс студенті