Астанада қонақ үй қызметкері шетелдік туристің алтын бұйымдарын үйіне алып кеткен. Полиция қызметкерлері ұрланған заттарды тауып, иесіне қайтарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық-медиа порталына сілтеме жасап.

Түркиядан келген қонақ Астанадағы қонақ үйлердің біріне тоқтаған. Еліне оралғаннан кейін ол нөмірінде ұмыт қалдырған алтын әшекейлерінің жоғалғанын анықтаған. Әйел дереу құқық қорғау органдарына жүгінген.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 8 жұп сырға, 8 сақина және екі алтын алқадан тұратын зергерлік бұйымдарды қонақ үй қызметкері иемденіп кеткені белгілі болды. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде ұрланған мүлік табылып, иесіне қайтарылды" — делінген хабарламада.

Түркия азаматы полицейлерге шынайы ізгі тілегін айтты.