АҚШ-тағы Сиракуз универ­ ситетінің маңында ерекше ағаш өседі. Оның бір ғана діңі бар, бірақ бұтақтарынан өрік, шие, шабдалы, бадам, қара өрік сияқты қырыққа жуық түрлі жеміс өсіп шығады.

Ағаштың бұтақтары көктемде әртүрлі уақытта гүлдейді. Бұл – профессор Сэм Ван Айкеннің он жылға жуық жасаған еңбегінің нәтижесі. Ол 2008 жылы ескі жеміс бағы бар жер телімін сатып алып, бес жыл бойы жалғыз бір ағашқа түрлі жеміс ағаштарының бұтақтарын будандас­тыру арқылы «Қырық жеміс ағашы» атты ерекше жобаны іске асырған.