19 маусым күні күндіз Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, Болашақ шекаралық теміржол станциясы маңынан ұшатын аппарат табылды.

Куәгерлердің айтуынша, аппарат Болашақ станциясы маңынан табылған. Бұл туралы тиісті органдарға хабар берілген. Оқиға орнына құқық қорғау және төтенше жағдай қызметкерлері жіберіліп, мән-жай анықталып жатыр.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, табылған нысан – ұшқышсыз басқарылатын аппарат (дрон).

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсінік берді. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, ұшатын аппарат елді мекендерден шалғай жерде табылған.

– Ешқандай залал келтірілмеген. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – дейді ведомство өкілдері.