2025 жылдың 23 маусымында қазақстандық сейсмологтар Абай ауданында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, Астана уақытымен 1 сағат 23 минутта Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 568 шақырым жерде: Абай ауданында, Үржар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4,0. Энергетикалық класс K=9,7.

Шамасы туралы ақпарат жоқ.

2025 жылдың 12 маусымында қазақстандық сейсмологтар Ресей аумағында жер сілкінісін тіркеді.