Заң мен Тәртіп" идеологиялық тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы қаласының прокуратурасы "Құқықтық дәріхана" жобасын іске қосты, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Жобаның мақсаты — халық арасында құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру және құқықтық мәдениетті нығайту.
Прокуратура қызметкерлері қала тұрғындарына — "Dostyk Plaza", "Mega Alma-Ata" және "Grand Park" ірі сауда орталықтарында тегін заңгерлік кеңес береді.
Жоба 11 маусымнан бастап 11 шілдеге дейін әр сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Қала тұрғындары бұл бастаманы оң қабылдап, оның ыңғайлы форматын, бюрократияның жоқтығын және алдын ала жазылмай-ақ білікті көмек алу мүмкіндігін атап өтуде.
Жоба көптеген адамдар үшін күнделікті құқықтық мәселелерді шешуде нақты қолдау болды.
Құқықтық дәріхана" — халыққа жақын. Адамдардың құқықтық мәселелерін шешуге бір қадам жақын.