Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания өкілдері Таяу Шығысқа 25 маусымнан бастап ұшу жоспарланып отырғанын айтты. Атап айтқанда, келесі жергілікті уақыт бойынша:

KC205 Астана-Дубай, 11:00

KC206 Дубай-Астана, 16:40

KC653 Алматы-Доха, 11:00

KC654 Доха-Алматы, 15:05

KC897 Алматы -Дубай, 11:15

KC898 Дубай-Алматы, 16:10-да орындалады.

Сондай-ақ ең cыйымды Boeing 767 әуе кемесімен КС8980 Дубай-Алматы рейсі сағат 17: 40-та репатриациялық рейс орындалады.

Бұл рейстерге билеттер сатылымда. Air Astana кестені әуе компанияның сайтында тексеруді сұрайды. Рейстер ұшу қауiпсiздiгiнiң жоғары стандарттарына сәйкес орындалатыны атап өтілген.