Өскеменде жүргізуші аулада бірнеше көлікті қасақана соғып, біреуін жолға итеріп шығарып жіберді. Болған жағдайды оқиға куәгері видеоға түсіріп алған. Күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram желісінде shygys.aqparat парақшасында жарияланды.

Кадрлардан көлік тізгіндеген ер адамның алдында тұрған көлікті жолға итеріп шығарып жібергені, содан кейін аулаға қайта кіріп, көгалға тоқтап, ештеңе болмағандай кетіп қалғанын көруге болады.

"Өскемендегі Космическая көшесінде көлік жүргізушісі ауладан шығып келе жатып, дәл сол сәтте аулаға кірмек болған көлікті соққан. Жол апатына себепкер болған жүргізуші қарсы көлікті жол жиегіне қарай итеріп жіберіп, өзі тоқтамастан бұрылмақ болғанда жарық бағанына соғылды", — делінген жазбада.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицейлер азаматтың жеке басын анықтады.

"Қазір оны ұстау шаралары жүріп жатыр", — деп хабарлады департаменттегілер.