Қазақстанда 2025 жылғы 26 маусымда бұршақ аралас жаңбырдан бастап өте қатты ыстықты қамтитын ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша бейсенбі күні түстен кейін қатты ыстық болады деп болжанады:
- Алматы, Жетісу облыстарында: +35...+39°С,
- Жамбыл облысында: +38°С,
- Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында: +41°С.
Мына өңірлерде күндіз сынап бағанасы +42°C-ге дейін көтеріледі:
- Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында,
- Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында.
"Республикамыздың басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Республикамыз бойынша жел екпін алып, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады", – деп болжануда.
Сондай-ақ, мынандай дауылды ескертулер жарияланды:
жоғары өрт қаупі — Абай облысының орталығында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау өңірінің солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде;
төтенше өрт қаупі – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Атырау облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың 25, 26 және 27 маусымы бойынша еліміздің үш ірі қаласына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.