Бөлімдер
Жаңалықтар

Ыстықкөлде демалуды жоспарлап жүрген қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық

2025 жылғы 26 маусымда ҚР Көлік министрлігі Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 маусымнан бастап бұл компания Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды.

Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері орындалады.

“Сонымен қатар 2025 жылғы 3 шілдеден бастап қазақстандық Fly Arystan әуе компаниясы да Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша тікелей рейстерді бастайды. Бұл рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Осылайша, биылғы жазғы маусымда аталған бағытта аптасына төрт тұрақты жолаушылар рейсі орындалады”, — деп хабарлады министрлік.

Еске салайық, маусым айының басында Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының көбейгені белгілі болған еді.