Мадридтік "Реалдың" француз шабуылшысы Килиан Мбаппе бұрынғы клубы – ПСЖ-ны сотқа берді. Ол Франция чемпионын екі жыл бұрын жаңа келісімшартқа қол қоюға психологиялық қысым жасап, мәжбүрледі деп айыптап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
L’Équipe мәліметінше, "париждіктердің" бұрынғы шабуылшысы сот органдарына ресми шағым түсірген. Бұл іс бойынша алғашқы тыңдау 24 маусымда басталған.
Мбаппенің айтуынша, ПСЖ басшылығы оны 2023 жылы жаңа келісімшартқа қол қоюға итермелеген, ал қарсы болған жағдайда негізгі құраммен жаттығудан уақытша шеттетілген.
Еске салайық, өткен маусым басынан бері Килиан мадридтік "Реал" сапында ойнап жүр. Ол бұл клубқа еркін агент ретінде ауысқан еді
Бір жылдың ішінде-ақ Мбаппе Ла Лигада "Реалдың" көшбасшысы атанып, команданың да, бүкіл Испания чемпионатының да үздік шабуылшысына айналды.
Қазіргі уақытта шабуылшы АҚШ-та өтіп жатқан 2025 жылғы Клубтар арасындағы әлем чемпионатына (КЧМ) "Реал" сапында қатысып жатыр. Алайда ауруына байланысты әзірше алаңға шыққан жоқ.