Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" жаңа цифрлық сервисті іске қосты. Жеке батырманы Egov Mobile қосымшасында табуға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайлы бүгін, 2025 жылғы 27 мамырда ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Оны басқан сәтте полицияға шағым жолдау терезесі ашылады. Енді кез келген құқық бұзушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы, балаға қатысты оқыс оқиға немесе қоғамдық тәртіптің бұзылуы жөнінде бір ғана батырманы басу арқылы – қоңыраусыз және полиция бөліміне бармай-ақ хабарлауға болады",- делінген ақпаратта.
Полиция хабарламаны жедел қабылдап, бірден әрекет ететіндігі атап өтілді.
Қосымшаның қалай жұмыс істейтіні роликте көрсетілген.
Бұған дейін Ресейде екі адамды тірідей жерлеген "қылмыстық топ" ұсталғандығы хабарланған болатын.