City Transportation Systems 2025 жылдың 27 маусымында жаңа LRT вагондарын вандалдар бояп кеткенен кейін қандай шаралар қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы мекеме мәліметінше, LRT вагондарына салынған граффити арнайы ерітінділердің көмегімен өшірілген.
"Мұндай жағдайлардың алдын алу вагондарды жобалау кезеңінде ескерілді: сырлау жұмыстары төзімді қорғаныш материалдарын пайдалану арқылы жүргізілді. Жылжымалы құрамның беткі қабаты зақымдалмай тазартылып, бастапқы сыртқы келбеті сақталды", делінген хабарламада.
2025 жылғы 11 маусымда Астанада әуежай маңындағы №101 бастапқы станцияда жеңіл рельсті көліктің (LRT) алғашқы вагондары рельске қойылды. Ал 24 маусымда әлдекімдер оларды граффитимен бояп кеткені белгілі болды.