Қоғамда "Заң мен тәртіп" идеологиясын насихаттау аясында 2025 жылы 27 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен оның аумақтық департаменттері арнайы баспасөз-турларын ұйымдастырды. Аталған іс-шара барысында мемлекет меншігіне қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылған әлеуметтік маңызыбар нысандар таныстырылды, деп хабарлайды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Баспасөз-турларының негізгі мақсаты- халықты жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен салынған жаңа әлеуметтік нысандардың (мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар орталықтары, мектептер және т.б.) қызметімен таныстыру.
Бұл азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға және бюджеттік қаражаттың ашық пайдаланылуын арттыруға септігін тигізеді.
Іс-шараға журналистер, қоғамдық белсенділер, блогерлер, азаматтық қоғам өкілдері және басқа да қатысушылар қатысты.
Пресс-тур барысында қатысушылар жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен салынған нысандармен танысты.
Қайтарылған мемлекеттік активтердің қоғам игілігіне қызмет етіп, елдің дамуына үлес қосатыны көзбе-көз көрсетілді.
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысы Агенттіктің маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекетке жалпы сомасы 1,15 трлн теңгеден астам көлемде мүлік активтері мен қаржыны қайтаруды қамтамасыз етті.
Қайтарылған активтер қатарына бизнес-орталықтар, әкімшілік ғимараттар, сауда орындары, тұрғын үйлер, пәтерлер, құрылысы толық аяқталмаған нысандар, жер учаскелері, люкс санатындағы автокөліктер және қаржылық қаражаттар кіреді.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арқылы қайтарылатын барлық активтер тек мемлекет мүддесіне ғана бағытталатынын атап өткен жөн.
Мысалы, Алматы қаласында: "Maisat" бизнес-орталығы Қазақстан Республикасының "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ меншігіне берілді; құны 7,9 млрд теңгеден асатын "KaisarTower" бизнес-орталығы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің иелігіне тапсырылды; құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының балансына берілді; ал Нұр-Сұлтан қаласында құны 5 млрд теңгеден асатын үш жеке үй Астана қаласы әкімдігінің мүгедектігі бар балаларға арналған "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ-не берілді.
Сонымен қатар, Білім инфрақұрылымын қолдау қорының жұмысы бақылауда тұр, оның арнайы шотына 153,3 млрд теңге (немесе 329 млн доллар) аударылған. Қордың қаражаты есебінен барлығы 100 мың оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылған.
Оның ішінде 61 мектеп пайдалануға берілген, ал 2025 жылы тағы 28 жаңа мектеп салыну көзделген.
Қаржыландырудың тағы бір көзі — "Арнайы мемлекеттік қор" болып табылады, ол мемлекет меншігіне қайтарылған мүліктің сатылымынан түскен қаражаттар мен басқа түсімдер есебінен толтырылады.