Өскемендегі жанар-жағармай құю бекетінде оқыс оқиға орын алды. От тұтатқыштың кесірінен бензин құйдыртып жатқан көліктердің бірі өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Өскемен қаласының ТЖ басқармасы хабарлады.
"Өскемен қаласында жергілікті жанар-жағармай құю бекетіне келуші көлігіне бензин құйдырту кезінде от ұшқынының пайда болуына жол берген. Бұл өрттің туындауына және адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Аталған азамат өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 410-бабы бойынша жауапқа тартылды", — деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.