Астанада LRT вагондарына салынған сурет өшірілді. Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"LRT вагондарына салынған граффити арнайы ерітінділердің көмегімен өшірілді. Мұндай жағдайлардың алдын алу вагондарды жобалау кезеңінде ескерілді: сырлау жұмыстары төзімді қорғаныш материалдарын пайдалану арқылы жүргізілді. Жылжымалы құрамның беткі қабаты зақымдалмай тазартылып, бастапқы сыртқы келбеті сақталды", — делінген серіктестік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада белгісіз біреулер биыл күзде іске қосылады деп жоспарланып отырған жаңа LRT вагондарын бояп тастаған болатын. Көп ұзамай CTS серіктестігі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.