"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 29 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, дауыл. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, бұршақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда бұршақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығыснда екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, күндіз дауыл. Найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында,оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың оңтүстік-шығыстан катты жаңбыр бұршақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астанада найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күіледі. Найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.