Астана, Алматы мен Шымкенте 29 маусым күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,4 м/с болмақ.
Астанада өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 22 градус, түнде 15 градус болады. Желдің жылдамдығы – 5,1 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ашық. Күндіз термометр бағаны 32 градусқа дейін көтеріледі, ал түнде 19 градус болмақ. Желдің жылдамдығы — 6,1 м/с.