Ақтау қаласына жақын орналасқан Маңғыстау ауылы маңында ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz ақпарына сүйенсек, жол апаты 27 маусымда кешкі уақытта болған. Қақтығысқа жолаушылар автобусы, Ravon көлігі және тағы 4 жеңіл көлік қатысқан.

Куәгерлердің мәліметінше, жол апатына полициядан қашып бара жатқан Toyota Sienna жүргізушісі себепкер болған. Болжам бойынша, бір адам қаза тауыпты, екі адамның жағдайы ауыр.

Алайда, Lada.kz тілшісіне қаза тапқандар туралы ақпарат ресми түрде расталмаған.

"Облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апатынан 6 адам зардап шеккен. Барлығы аурухананың травматологиялық қабылдау бөліміне жеткізілген.Дәрігерлер алғашқы тексеруден кейін:4 науқасты амбулаториялық емге жіберді, 2 адам ауруханаға жатқызылды – бірі хирургия бөліміне, екіншісі нейрохирургия бөліміне түсті",- деп жазды басылым.

Ал 1995 жылы туған нейрохирургия бөліміне түскен науқастың бас сүйегі, төменгі жақ сүйегі, жамбас, үлкен жіліншік сүйегі мен оң аяғындағы бірнеше сүйек сынғаны анықталды. 1975 жылы туған екінші науқастың кеуде қуысы зақымданған, оң жақ қабырға сүйектері мен иық сүйегі сынған және басқа да жарақаттар бар екені айтылды.

Қазіргі таңда екі науқас дәрігерлердің бақылауында.

Бұған дейін Жетісу облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде екі полиция қызметкерінің қаза тапқандығын жазғанбыз.