Ақтөбеде алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, қарт адамдарды алдаған.
Ақтөбеде алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, қарт адамдарды алдап, әрқайсысынан шамамен 2 миллион теңге иемденген.
Полицияға зейнеткер әйел шағымданып, оған бейтаныс адам қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырғанын айтты. Ол әйелдің қызы жол апатына ұшырағанын айтып, мәселені шешу үшін 2 миллион теңге талап еткен.
Әйел адам айтқанына сенген, себебі қоңырау шалушы тұтқаны өзін қызы деп таныстырған қызға берген, ол үрейлі, дірілдеген дауыспен көмек сұраған. Жәбірленуші алаяққа сеніп, ақшаны үйіне келген бейтаныс адамға берген.
Сол күні дәл осындай жағдаймен 87 жастағы тағы бір зейнеткер полицияға жүгінген. Ол да немересін құтқарамын деп, алаяқтарға 2 миллион теңге берген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақшаны алып кеткен адам бейнебақылау камералары арқылы анықталып, ұсталды. Ол — Қостанай облысының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ұсталған азаматтың айтуынша, ол нұсқауларды мессенджер арқылы алып отырған. Оның міндеті — көрсетілген мекенжайларға барып, ақшаны жинап, белгіленген шоттарға аудару болған.
Бұл "қызметі" үшін 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін ақы алып отырған. Бүгінгі күні күдікті осындай 5 алаяқтық фактісіне қатысы бары анықталды, күдікті азаматтарды 5 млн тенгеге алдаған. Полиция азаматтарды алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді.
Алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде көрсетіп, сіздің туысқаныңыздың қиындыққа тап болғанын хабарлауы мүмкін, ал мәселені белгілі бір мөлшерде шешуге болады. Мұндай жағдайда полицияға "102" нөміріне қоңырау шалып, ақпаратты тексеру керек.