Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Антикордың бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға алғыс айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға белсенді әрі нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді", — деп жазды Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында.