2025 жылғы маусымда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсіп, 0,8% құрады. Мамыр айымен салыстырғанда маусымда қымбатшылық қарқыны сәл бәсеңдеген. Ол кездегі көрсеткіш 0,9% болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азық-түлік тауарларының ішінде баға қиярға – 19,5%, қырыққабатқа – 18,1%, қызанаққа – 15%, сарымсаққа – 8,4%, бананға — 3,4%, жұмыртқаға 3% төмендеген. Осы орайда балмұздақ бағасы 1,9% өскен, йогурт – 1,6%, жаңғақ – 1,5%, рулет пен кекстерге – 1,3%, кондитерлік өнімдер мен салқындатылған сусындар – 1%-дан, сарделька бағасы 0,9% қымбаттаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде маусым айында тұрмыстық заттардан электрлі ет тартқыш бағасы 2,5%, үтіктікі 1% өскен.
Тарифтер арасынан ыстық су 6,2% төмендеді. Қызмет көрсету секторында баға фотограф қызметіне 3,3% өскен, салтанатты шаралар өткізетін ұйымдастырушыларда – 2,8%, теледидар жөндеу – 2,4%, тұрғын-үй, жайларды жөндеу және қызмет көрсету – 1,4%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері 1,3% жоғарылаған.
2025 жылғы маусымда жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,8% құрады.
Жылдық мәнде мына азық-түліктер былайша қымбаттады:
- алмұрт – 11,3%,
- консервіленген жүгері – 10,8%,
- жеміс және көкөніс шырындары — 10,4%,
- блендер — 7,8%,
- кабельдік телевизия қызметтері — 2,2%.
Арзандағандары: қарақұмық жармасы – 9%, күріш – 8,3%, қияр – 3,5%, сұлы жармасы – 2,5%, кептірілген өрік 2,3% арзандады.
"2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады", делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Бұған дейін Ұлттық банк валюта нарығына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.