Танымал продюсер Жан Мұқанов сүйіктісіне қол көтеріп, сынға қалған Шәріп Серікке қатысты пікір білдірді. Медиа маманы "Цукербергтің көршілерінде" подкасында қонақ болды, деп хабарлайды skifnews.kz ақпарат порталы.
“Шәкенти – мен оның досы емеспін. Бірақ үнемі ашық-жарқын жүретін ақкөңіл жігіт. Бәріміз көргендей оның қызды жұлқылағанын қолдамаймын. Бірақ бұл жағдайда тек Шәкенти ғана кінәлі емес. Қыз да кінәлі. Дұрыс жігітті таңдауды үйреніңіздер! Шәкентидің жобаларына тосқауыл жасап, оның шығармашылығы мен өнерінен бас тарту дұрыс емес”, – деді продюсер.