Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Мақаншы ауданы облыс орталығы Семейге он алты қанатты киіз үй тарту етті.

Сыйға тартылған киіз үй бір мезетте 150-ге жуық адамды қа­­былдай алады. Ұлттық на­қыш­та безендірілуіне аудан кәсіп­керлері ұйытқы болып, қол­дау көрсеткен екен. Кезінде Жүсіп­бек Аймауытұлы жаз­ған, Семей­дегі талай тарихтың куәсі болған киелі орын Түйемойнақ аралында тігілген киіз үйдің қала тұрғындары мен қо­нақ­тарына есігі ашық. Мұнда келу­ші­лер серуендеп жүріп ұлттық тағамдардан дәм тата алады.

Киіз үйдің ашылуына облыс әкімі Берік Уәли, Мақан­шы ауданының ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.

ен

«Абайдың тойына тартуды алғаш болып облысымыздың шеткі, шекарадағы ауданы Ма­қаншы өңірі бастап жат­қанының үлкен мағынасы бар деп ойлаймын. Бұл – басқа аудандарға үлгі боларлық іс, игі бастама», деді өңір басшысы.

Облыс әкімі осыдан үш ай бұрын Мақаншы ауданына барған сапары аясында кезінде өнерімен елді тамсандырған «Інжу-Маржан» ансамблін қайта жандандыру қажеттігін айтқан болатын. Бүгінде оған тиісті қаржы бөлініп, ансамбль жұмысын қайта жандандыра бастады. Оны айтып отырған себебіміз, аталған іс-шара аясында «Інжу-Маржан» ансамблі жиналғандарға өнер көрсетті.

Абай облысы