Бүгінде Отбасы банкінің қолдауымен Қазақстанның 600 мың азаматы өз үйінде тұрады.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа заң қабылданды. Аталмыш заңға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Енді Отбасы банкінде төмендегі депозиттер үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғалған:
- Отбасы банк салымшыларының депозиттеріндегі біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ);
- аралық және алдын ала заемдар бойынша кепіл түрідегі депозиттер. Бұл сот орындаушылары үшінші тұлғалардың талабы бойынша нотариустың атқарушылық жазбасы арқылы депозиттегі қаражатқа тыйым сала алмайды немесе қаражатты мәжбүрлі түрде есептен шығара алмайды деген сөз.
Отбасы банкіндегі депозиттер – бұл мақсатты жинақ. Олар қолжетімді шарттар бойынша баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Егер банк салымшысы аралық немесе алдын ала заем алса, онда оның депозиттегі жинақтары қарыздың бір бөлігіне айналады және осындай кредиттер бойынша кепіл болады.
Бұрын сот орындаушылары кепіл депозитіндегі қаражатты есептен шығарған кезде банк клиенттері аралық немесе алдын ала қарызды мерзімінде жауып, тұрғын үй қарызына уақтылы ауыса алмады. Бұл өз кезегінде отбасына қарыз жүктемесін арттырды.
Үшінші тұлғаларының талабы бойынша депозиттерден БЗТ есептен шығару да тұрғын үй жағдайларын жақсартуға кедергі келтірді.

Сондықтан, Отбасы банк салымшыларының депозиттерін қорғау – қазақстандықтардың жинақтарын сақтауға, тұрғын үй шығынын болдырмауға және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі.
"Отбасы банкінде 3,2 млн қазақстандық жеке баспанасына қаражат жинауда. Әрбір жарнаның артында біреудің арманы тұр: өз үйін сатып алу, балалардың болашағын қамтамасыз ету, тұрақтылық пен сенімділікке ие болу. Сондықтан біз әрқашан өз клиенттеріміздің мүдделерін бірінші орынға қоямыз. Олардың әрқайсысына қамқорлық жасау – біздің жұмысымыздың негізі. Күн сайын Отбасы банкінің көмегімен 270 қазақстандық қоныс тойын тойлайды. Азаматтарымыздың көршілері немесе туыстары өз пәтеріне көшкен кезде, бұл тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің тиімділігінің ең жақсы дәлелі болады. Сондықтан біздің азаматтар өз жинақтарын Отбасы банкіне көбірек сеніп тапсырады. Біз мұны сандардан көреміз. 2025 жылдың 6 айында депозиттер бойынша кіріс 546 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%-ға көп. Қазір әрбір үшінші жұмыс істейтін қазақстандық Отбасы банкіндегі депозитке ақша жинайды", – деп атап өтті Отбасы банк басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.
Банкпен қарым-қатынас орнатқан көптеген жылдардың ішінде клиенттер өздерінің жақсы дәстүрлерін қалыптастырды.
Мысалы, көптеген салымшылар үшін сәрсенбі "бақытты күн" болып саналады – дәл осы күні банкте несиелер жиі беріледі. Сондықтан оны бейресми түрде "Қоныстану күні" деп атайды. Сәрсенбіде банк филиалдарындағы барлық келушілерді ұлттық киім киген қызметкерлер қарсы алады. Камзолда немесе шапанда қызмет көрсететін менеджер кәсібилігімен қатар қазаққа тән қонақжайлылық танытып, ерекше қамқорлықпен қызмет етеді.

Енді ғана баспаналы болған банк клиенттері де символдық сыйлық – киіз үй немесе домбыра түріндегі салпыншақ алады. Бұл үйді, жайлылықты және әрбір қоныс тойы отбасылық банк тарихының бір бөлігі екенін еске салады.

Отбасы банкінің тағы бір ерекше дәстүрі – "Отбасы шай". Сенбі күндері бөлімшелер мен консультациялық орталықтарда банк қызметкерлері клиенттермен шай ішіп, жылы кездесу ұйымдастырады. Ортақ дастархан үстінде жинақтау мүмкіндіктері туралы әңгіме қозғалып, пайдалы кеңестер беріліп, қолайлы тұрғын үй бағдарламалары туралы ақпарат айтылады.

Бүгінде Отбасы банкінің қолдауы мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің сенімділігінің арқасында Қазақстанның 600 мың азаматы өз үйінде тұрады.
Өз үйіне апаратын жол Отбасы банкінде депозит ашудан басталады. Оны бірнеше жолмен жасауға болады:
- Отбасы банкінің сайтындағы бейне-қоңырау қызметінің көмегімен;
- Otbasy bank мобильді қосымшасында;
- Отбасы банкінің кеңесшілеріне жүгіну арқылы;
- otbasybank.kz порталдағы жеке кабинетте;
- кез келген бөлімшеде.