2025 жылғы 2 шілде күні сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 518,37 теңгені құрап, тағы 0,84 теңгеге төмендеді.
Рубльдің орташа бағамы 6,59 теңгені құрады (–0,02).
Қытай юанінің орташа бағамы таңертеңгі сауда кезінде 72,35 теңгеге дейін төмендеді (–0,22).
Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу/сату бағамы – 518,5–520,7 теңге, еуро – 607,5–611,5 теңге, рубль – 6,52–6,62 теңге аралығында.
Бұл ретте, 2025 жылғы 2 шілдедегі сауда-саттықта әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр.
ICE Futures электрондық саудасында қыркүйек айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,22%-ға өсіп, бір баррель үшін 67,26 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 0,24%-ға қымбаттап, бір баррель үшін 65,61 доллар болды.
Бұған дейін Астана және Алматы айырбастау пункттеріндегі 2 шілдедегі валюта бағамын ұсынған болатынбыз.