Ел президенті Масуд Пезешкиан тиісті заңға қол қойған. Құжат үкіметке агенттікпен барлық ынтымақтастықты толық үзуге міндеттейді. Заң жобасы 25 маусым күні қабылданған . Меджлис әзірлеген бұл бастаманы 221 депутат бірауыздан қолдаған.
Бұдан былай, енді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік қызметкерлеріне Иран аумағына кіруге тыйым салынып, барлық тексеру іс-шараларын жүргізуге шектеу қойылды. Агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси тыңшы деп аталып, онымен де барлық байланысты үзді.
Иран билігі АҚШ пен Израиль тарапынан шабуыл жасалмайтынына кепілдік сұрап отыр. Сондай-ақ, елдің бейбіт ядролық энергияны пайдалану құқығына құрмет көрсетуін талап етуде. Бұл шарттар орындалса, құжат өз күшін жоюы мүмкін.