"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жаңа басқарма төрағасы болып Талғат Сағиұлы Алдыбергенов тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Талғат Алдыбергенов бұған дейін "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Жаңа төрағаны ұжымға "Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов таныстырған.
Талғат Алдыбергеновтің темір жол саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару" мамандығы бойынша үздік бітірген, РХШМҚА-ның экономика магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты.
Жұмысшы лауазымдарынан топ-менеджментке дейінгі жолы:
- 1992-1998 жылдары-Батыс Қазақстан темір жолындағы жұмыс: тауар кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры.
1998-2007 жылдары – "Қазақстан Темір Жолы" АҚ "Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы" РМК МКД Ақтөбе филиалының басшысы, "Қазтранссервис" МКД директоры, "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры.
- 2008-2019 жылдары – "Кедентранссервис" АҚ президенті, "АвтоГазАлматы" ЖШС бас директоры, Kazakhmys Maker ЖШС басқарма төрағасы.
- 2024 жылдан бүгінге дейін "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған.