2025 жылғы 5 шілдеде АҚШ-та клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады. Жанкүйерлер болашақ жеңімпазды да алдын-ала болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Opta суперкомпьютерінің пікірінше, бүгінгі таңда ойында ерекше көзге түсіп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген – Лондонның "Челси" клубы.
Бұл ретте, "Аристократтарға" чемпиондық ықтималдығы 26,8% деп болжануда. Өз кезегінде, UEFA Чемпиондар лигасының жеңімпазы француздық ПСЖ сәл артта 24,9%-дық көрсеткішпен келе жатыр.