Бокстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде финалға шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
3 шілдеде ол 80 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Лакшья Чахарамен жұдырықтасуы тиіс еді.
Алайда қарсыласы жарақатына байланысты турнирден бас тартты.
Осылайша, Оралбай жартылай финалға жолдама алды.
Еске салайық, бұған дейін Наталья Богданова бокстан Әлем кубогы кезеңінің 1/4 финалында жеңіске жеткенін хабарлаған едік.