Қазақстандық тағы бір боксшы Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда қазақстандық боксшы Айдана Забынбекова америкалық Алисса Мендозамен жұдырықтасуға тиіс еді, алайда қарсыласы рингке шықпады.
Осылайша, Забынбекова автоматты түрде жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола медальді иеленді.
Еске салайық, бұған дейін Махмұд Сабырханның әлем кубогының ширек финалында мерзімінен бұрын жеңіске жеткенін хабарлаған едік.