ҚМА-ның Шымкент қаласы бойынша департаменті Ansar Gold қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайда агенттікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға 5 ай ішінде салынған қаражаттың 40-60 пайызы көлемінде ай сайын табыс түсетінін және негізгі капиталдың сақталуына кепілдік берілетінін уәде еткен.
"Алайда іс жүзінде төлемдер тауар сатуынан түскен табыстан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.
Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 200-ден астам адам тартылып, 400 млн теңгеден астам қаражат салынған", — делінген хабарламада.
Сонымен қатар агенттіктің дерегінше, күдіктілер өздерінің туыстарын "дроп" ретінде тартып, басқа қатысушылардан түскен ақшаны қолма-қол шешу үшін олардың банк карталарын пайдаланған.
Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырдып деп күдікке ілінген адам қамауға алынған. Оған тиесілі автокөлік пен тұрғын үйге шектеу қойылған.
Агенттік Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.